21 сәуір күні мектебімізде «Тәртіпсіздік және оның салдары. Заңсыз мінез-құлықтың алдын алудағы мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі" атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) 2022-2023 оқу жылының алдын ала қорытындылары
2) Қорытынды аттестаттау
3) 1-сыныпқа қабылдау
4) Мектептегі буллинг. Ата-аналарға арналған практикалық кеңес
5) Жазғы демалыс
6) Жазғы уақыттағы балалардың қауіпсіздігі.
Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Ашиков Д.Д. сөз сөйледі.
Екінші және үшінші сұрақтар бойынша оқу-ісінің меңгерушісі Иванова А.А.
Төртінші, бесінші, алтыншы сұрақтар бойынша педагог-психолог Авкубаева Г.С. сөз сөйледі.